ШҚО мен ҚХР СҰАА арасында 2 млрд АҚШ долларына 13 меморандумға қол қойылды

ШҚО мен ҚХР СҰАА арасында 2 млрд АҚШ долларына 13 меморандумға қол қойылды

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда өңір аумағында 45 Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Қытай Халық Республикасының ШҚО-ның сыртқы саудасындағы үлесі 20%-дан асып, 1 млрд АҚШ долларынан артып отыр.