ШҚО әкімдігінде сенаторлардың қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды

ШҚО әкімдігінде сенаторлардың қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, кәсіпкерлер мен өңірлік салалық басқарма басшыларының қатысуымен тиімді әрі ашық диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысы МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша жетекші өңірлердің қатарында. Бүгінде өңір портфелінде жалпы құны 12 миллиард теңгеден асатын 47 жоба бар. ШҚО-да әзірленген инвесторларды сүйемелдеу алгоритмдері тиімді деп танылып, басқа өңірлерге енгізу ұсынылды. Бұл – барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысы мен бизнес-қауымдастықпен ашық диалогтың нәтижесі.

Кәсіпкерлер тарапынан аграрлық саланың дамуына тікелей әсер ететін ветеринариялық ережелерді жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, ҚР Салық кодексін жетілдіруге қатысты бастамалар мен ескертулер де көтерілді.

Сенаторлар бизнестің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.