
Кеше Үлбі өзені бойымен серуендеп жүрген 5 жастағы бала суға құлап, ағыс алып кете жаздаған. Дәл осы оқиғаның кездейсоқ куәсі болған Ерасыл Омарханов абдырап қалмай көмекке ұмтылып, баланы алып шыққан.
Ерасыл Омарханов Қазақстан-Американ Еркін университетінің студенті болып шықты. Ол өзінің бұл әрекетін батылдық деп санамайтынын және кез келген адам осылай жасарын айтады.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.