
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.
Білім додасында Өскемен қаласынлағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Оқушылар білімдерін үш кезеңде сынады: екі теориялық және бір практикалық.