Бүгін «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтеді

Бүгін «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтеді

13 мамырда креативті индустрияны дамыту аясында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында шоумендер мен іс-шара жүргізушілеріне арналған ауқымды «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтеді.
Фестивальдің басты мақсаты – қоғам алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, жүргізуші кәсібін танымал ету, жүргізушілік өнерді дамыту және талантты мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Бұл салтанатты іс-шаралар жүргізушілерін, шоумендерді және event-индустриясының өкілдерін біріктіретін ауқымды шара.
Қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, шоу-бағдарлама, интерактивті аймақтар және төрт кезеңнен тұратын байқау бағдарламасы ұйымдастырылады. Қазылар алқасы қатысушылардың әртістік қабілеті мен кәсіби шеберлігін бағалап, үздіктерді анықтайды.
Фестивальдің хедлайнері – кәсіби жүргізуші, «Меховая 8/1» тобының солисі, актер, әзілкеш Қабдол Тілеков. Сондай-ақ Айбат Никулин және Данияр Батырбаев сынды event-саласының сарапшылары шеберлік сабақтарын өткізеді.
Басталуы: 19.00-де.