ШҚО-да WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды

ШҚО-да WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды

Кеше Шығыс Қазақстан облысында өңірлік чемпионаттардың ашылау салтанаты ұйымдастырылды. Шараға қоғамдық ұйымдардың, білім және бизнес өкілдері, студенттер мен оқытушылар жиналды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл - Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтті. Ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті кадрлардың маңызы зор екенін айта келе, мұндай чемпионаттар жастар арасында көгілдір жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
13-15 мамыр аралығында 28 колледждің 170-тен астам студенті Өскемен қаласының құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінде өз өнерлерін көрсетеді. Қатысушылардың жұмысын өңірлік сарапшылар бағалайды, бұл бағалау процесінде объективтілік пен жоғары кәсібилікті қамтамасыз етеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және демеушілердің атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар дайындалды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Ең мықты жеңіске жетсін!