Жұмыс орындарында отбасын қолдау мәселесі халықаралық конференцияда талқыланады

Жұмыс орындарында отбасын қолдау мәселесі халықаралық конференцияда талқыланады

15 мамырда , Халықаралық отбасы күніне орай, «Жұмыс орындарында отбасыға қолайлы саясатты нығайту» атты халықаралық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – еңбек өмірінің сапасына, еңбек өнімділігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер ететін негізгі институт ретінде отбасын қолдау мәселелері бойынша мемлекет, жұмыс берушілер, кәсіподақтар және сарапшылар қауымдастығы арасында жүйелі диалог орнату.
Конференцияға мемлекеттік органдардың (ОМО, ЖАО) өкілдері, халықаралық серіктестер, ірі жұмыс берушілер, HR-директорлар, кәсіподақтар, қызметкерлер қауымдастықтары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шара қорытындысы бойынша ОМО, ЖАО және жұмыс берушілерге арналған ұсыныстармен резолюцияға қол қою жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі .
Өткізу күні: 15 мамыр, сағат 10:00.
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, бас ғимараттың колонналы залы (Серікбаев көшесі, 19).