Шығыс Қазақстан облысы — еліміздің аграрлық саласындағы алдыңғы қатарлы өңірлерінің бірі. Аймақ ішкі нарықты сапалы өніммен тұрақты түрде қамтып қана қоймай, республикалық көрсеткіштерде де көш бастап келеді.
ШҚО өсімдік майы, шұжық өнімдері, қымыз бен бал өндіру бойынша Қазақстанда жетекші орын алады. Сонымен қатар, бидай мен арпа өнімділігі жағынан да аймақ алдыңғы шептен көрініп отыр.
Ауыл шаруашылығының өзге де бағыттары бойынша тұрақты түрде екінші және үшінші орындарды иеленуі — өңірдің еліміздегі маңызды азық-түлік хабына айналғанының дәлелі.