4–8 мамыр аралығында Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтуде. Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің рухына арналып ұйымдастырылған.
Бұл жарыс 2006–2017 жылдары облыстық деңгейде өткізілсе, 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде жалғасып келеді.
Биылғы турнирге Алматы облысы, Абай облысы, Жетісу облысы және Шығыс Қазақстан облысынан келген командалардың 178 спортшысы қатысуда.
Жас былғары қолғап шеберлеріне қолдау көрсетуге ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Қасым Қайсеновтің ұлы Болат Қасымұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Кылымов келді.