ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай өңірінде болып, Бұқтырма өзені су деңгейінің және Поганка өзеніндегі жер асты суларының көтерілуіне байланысты үйлерді су басуқаупін тудырған жағдайды тексеріп, атқарылып жатқан шаралармен танысты.
30 сәуірде екі күн бойы жауған жауын-шашын қардың қарқынды еріп, Бұқтырма өзені деңгейінің шектікдеңгейден көтерілуіне әкелді. Сонымен қатар, Зубовск кентінде жер асты суларының көтерілуіне және Поганка өзеніндегі бөгеттерден су төгілуіне байланысты10 тұрғын үйдің және 3 ғимараттың іргелес аумақтарына су жайылды.
ШҚО ТЖД мамандары бау-бақшалардағы суды сорып алды, қазір 4250 м.куб су сорылды. Сондай-ақ 2 мың қап құм төселді.
Құтқарушылар менжергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірлескен үйлесімді жұмысының арқасында тұрғын үйлерге су кірген жоқ.
Бөгетті бекіту үшін980 тонна тау жынысы әкелініп, 2000 дана қаптар дайындалып, бөгеттің ішкі жағынан дренажды жерлерге ұзындығы 60 метрлік полиэтилен үлдір төселді.
1 мамыр күніұшқышсыз ұшатын аппарат арқылы Зубовск кентінде барлау жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша бөгетті нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб жұмысістеуде. Облыс басшысы жағдайды жіті қадағалап отыруды тапсырды. Барлық жауапты қызметтер тұрғындар үшін кез келген қауіптерді жою үшін үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі керек.
Су деңгейіне тәулікбойы мониторинг жүргізіліп отыр.
Соңғы жедел ақпаратқа сәйкес, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ, тұрғындарды эвакуациялау қажетемес. Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрап отыр, қауіп сейілді.
Су тасқыны жағдайыоблыстық штабтың тұрақты бақылауында.