Шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығы – Өскемен қаласына тікелей автобус жолға шықты. Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселенің шешілген сәті.
Аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Қалелов жолаушыларды құттап, ауыл ақсақалдары бата беріп, шашу шашты.
Ауыл тұрғындары үшін бұл оқиғаның маңызы зор. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм салаларына оң әсер етпек.
Ауыл халқы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановқа шын жүректен алғысын білдіруде.
Жаңадан ашылған бағыт ауыл тұрғындарының ғана емес, Марқакөлге бағытталған ішкі туризмді де дамытуға серпін береді деп күтілуде.