Қазақстан халқының бірлігі күні ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті

1 мамыр - Қазақстанхалқының бірлігі күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік сессиясын өткізді.

ШҚО ҚХА отырысы ел Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында өтті.

-Қазақстан халқының бірлігі күнінде Ассамблея мүшелерімен бір шаңырақ астында бас қосып,өзіміз үшін және бүкіл өңір үшін маңызды мәселелерді талқылап жатқанымыздың мәні зор. Бүгін залда Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері –Тәуелсіздіктің бастауында тұрып, еліміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлғалар отыр. Олар өмір бойы достық,өзара сыйластық, патриоттық мұраттарға адалдықтың үлгісі бола отырып, ұлтаралық келісім ісіне қызмет етіп келеді. Олардың өмір жолы – еліміздің тарихы, - дедіоблыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Қазақстан жерінің сан ғасырлық тарихы көптеген этностардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесінайғақтайды. Тәуелсіз Қазақстанды құруға әр ұлт өкілдері өздерінің күш-қуатын, еңбегін, білімі мен жанын салып келеді. Көп ұлтты Шығыс Қазақстан облысында 100-денастам ұлт өкілдері тұрады, олардың барлығы да облыстық ҚХА өкілдері.

- Ассамблеяжай ғана диалог алаңы емес, халықтардың, бейбітшілік пен келісімнің үні болды. Кезінде түрлі этнос, мәдениет, дін өкілдері бір дастархан басына жиналып, бір-біріменкүдік тілінде емес, сыйластық, ынтымақтастық тілінде сөйлессе деген тек арман болатын. Бүгін бұл арман ақиқатқа айналды. Біз, Ассамблея ардагерлері, осыарманды жүзеге асыру үшін күш-жігеріміз бен білімімізді ғана емес, жанымызды салдық. Бірлік – әртүрліліктен бас тарту емес, сыйластықтан туған күш екеніндәлелдедік. Ассамблея кеңейіп, беки түсті. Ол еліміздің барлық азаматтарының  белсенді қатысуынсыз еліміздің қоғамдық-саяси өмірі мүмкін емес екеніндәлелдеді. Ал біз, ардагерлер, бір кездері кішігірім қадамдармен басталған істі жаңа ұрпақтың қалай жалғастырып жатқанын мақтанышпен бақылап отырмыз. Жастарға:«Ассамблеяны сақтаңдар! Ол – біздің ортақ үй» дегім келеді, - деді ШҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп.

Бүгін ШҚО ҚХА-ның сессиясында қойылған міндеттердің қатарында ассамблея жұмысын күшейту ғанаемес, сонымен қатар жастардың өкілдігін арттыру да кездейсоқ емес.

- Түрлі ұлт өкілдерімен жұмыс істей отырып, мен бір мақсатқа біріккен адамдардың қалайкүшті және гүлденген мемлекет құра алатынын көремін. Құрмет, қолдау және өзара түсіністік табыс пен өркендеудің негізіне айналған Қазақстанның болашағына әрэтнос өз үлесін қосады, - деді Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Элвин Нуруллах-Оглы Демерчиев.

ҚР Президентіжанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Жанар Боканова атап өткендей, ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалықтобы, облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері Академия филиалымен бірлесіп, ұлтаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын әртүрлідеңгейдегі және санаттағы мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру курсының бағдарламасын әзірледі.

Сонымен қатар,мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдерінен, этносаясат, этнодемография саласындағы жетекші сарапшылардан, Достық үйлері-Қоғамдық келісіморталықтарының қызметкерлерінен құралған ғылыми-зерттеу тобы этносаяси үдерістерді басқаруды оқыту әдістемесін әзірлеуді жоспарлап отыр. Егер бұлбілім беру жобасы облыста сәтті сынақтан өтсе, оны республика бойынша кеңейту жоспарлануда.

Осы мерекелік мамыркүні қоғам игілігі үшін еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы достықты нығайтуға үлес қосқан барша жанның еңбегі Қазақстан Республикасы Президентінің мерейтойлықмедальдарымен марапатталды.