Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр — әрқайсымыз үшін ерекше мәнге ие күн. Бұл күн – қоғамымыздың берік іргетасына айналған бейбітшілік пен келісімнің, өзара құрмет пен сыйластықтың символы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтаралық келісімнің тек құндылық қана емес, еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің басты факторы екенін үнемі атап өтуде. Бүгінде біз достық пен татулықтың Қазақстанды нығайтып, оны күшейте отырып, келер ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын айқын көріп отырмыз.
Бұл мереке – барша қазақстандықтарды біріктіретін, халқымыздың бірлігін, мәдени алуандығымыздың мықты іргетасын еске салатын күн. Біздің бүгініміз бен болашағымыз - бірлік пен татулықта, бір-біріміздің мәдениетіміз бен дәстүрімізге деген құрметімізде жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындары мен қонақтарына шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, береке-бірлік және туған өлкеміз бен еліміздің игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін! Әрбір шаңырақта бейбітшілік пен жылылық, өзара түсіністік орнасын!
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов