24-30 сәуір аралығында Амман қаласында (Иордания) 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтті. Әлемдік турнирде Қазақстан құрамасында Шығыс Қазақстан облысының бес спортшысы бақ сынап, екеуі алтыннан алқа тағып, чемпион атанды.
49 келіде шаршы алаңға шыққан Алтай қаласының тумасы Шыңғыс Ахметов пен 52 келіде жұдырықтасқан Темірәлі Темірбаев еліміздің көк байрағын желбіретті. Қос спортшының да жаттықтырушысы - Серік Сембиев.
Азия чемпионатына әр елден барлығы 247 спортшы келді.