Өскемендегі Қазақстан орталық көшесіне 38 түп қарағай отырғызылды

Өскемендегі Қазақстан орталық көшесіне 38 түп қарағай отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері Өскемен қаласынлағы  Қазақстан көшесіне 38 түп қарағай отырғызды.

- Көгалдандыру және абаттандыру мәселесі біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жасыл аумақтар жайлылық пен экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қалаға ерекше көрік береді. Бұндай бастамалар бірлескен күш-жігердің арқасында елді мекендерді ерекше түрлендіруге болатынын көрсетеді, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық елді мекендерін жасылдандыру жұмыстары жалғасын табады.