Өскемен қаласы орта мектептерінің бірінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен нысандарды терроризмге қарсы қорғау бойынша барлық оқу орындары үшін маңызды ақпарат түсіндірілді.
Мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы берілді.
Одан өзге, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді: білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізімі; ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар; Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары.
Сонымен қатар, мектеп басшылығы мен қызметкерлер террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын басшылыққа алып; көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығын, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмін, террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасын білуі керек.
Кеңес қатысушыларына терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары; террористік тұрғыдан осал жекелеген объектілердің практикалық және теориялық сабақтар өткізу кезінде жіберген кемшіліктерінің мысалдары; объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын терроризмге қарсы комиссиялармен келісу туралы да айтылды.
Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.