Марқакөл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Шыннет ата бұлағының маңайы қоқыстан тазартылды.
Экологиялық шараға 25 ерікті қолдау көрсетіп, бірнеше сағат ішінде бұлақ маңынан шамамен 1 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.
Жергілікті билік пен тұрғындар еріктілерге алғыс айтып, мұндай акциялардың табиғатты таза ұстаудағы маңызын атап өтті. Экологиялық акцияның мақсаты – тек бұлақ маңайын тазарту емес, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту
Марқакөл ауданының әкімдігі экологиялық бастамаларға қолдау көрсетілетінін, алдағы уақытта мұндай шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.