
Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапары барысында Жаңа Бұқтырма кентінде ашылған мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Кентте бүгінде 4207 адам тұрады, туризм мен инженерлік инфрақұрылым дамуда. Бүгін мұнда жалпы ауданы 10775 шаршы метр мемлекеттік тілде білім беретін 200 оқушыға арналған № 1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі ашылуда.
- Мемлекет басшысы білім деңгейі бүкіл ел бойынша тең болуы тиіс екенін және әрбір баланың заманауи және жайлы жағдайда оқуы үшін бар мүмкіндіктер жасалуы тиіс екенін атап өтті. Ал бұл жаңа, заманауи мектеп – ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беру жолындағы үлкен қадам. Осы білім ошағында еліміздің болашағын қалыптастыратын саналы, білімді де білікті азаматтар түлеп ұшатынына сенімдіміз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімінің айтуынша, оқу жағдайын жақсарту және оқу орындарының тапшылығын азайту мақсатында өткен жылы облыста 10 жаңа мектеп салынды. Олардың жетеуі пайдалануға берілді, екеуі Тарбағатай ауданында оффшорлық келісім-шарттар бойынша салынды. Биыл тағы 13 мектеп салу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда кентте 114 оқушы білім алуда, мектепке дейінгі мекемелерде 129 бала бар, олардың 33-і биыл 1-сыныпқа барады.
Салтанатты шара соңынла жаңа мектеп аумағында көшеттер отырғызылды.