2025 жылғы 20 ақпанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №108 залда өтеді.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Онлайн, оффлайн түрде қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 440 кабинетте, тел.71-31-53 бойынша қабылдайды, электрондық түрде r.balapanova @akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.
Отырысқа қатысуға жіберілгендер объект ішіндегі және ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.