Өскеменде наурыз айынан бастап 83 балабақшаға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

Өскеменде наурыз айынан бастап 83 балабақшаға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

Облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Аталған өзгеріс 83 балабақшаға енгізіледі. Оның ішінде 31 мемлекеттік, 52 жекеменшік ұйым бар.
Пилоттық жобаның мақсаты - балаларды кезекке қою, мемлекеттік тапсырысты қабылдау мен орналастыру процесстерін автоматтандыру. Бұл ата-аналар үшін жүйені түсінікті әрі қолжетімді етіп, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттырады.
- Ваучерлік қаржыландыруды енгізу қаладағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Жаңа модельдің арқасында жүзеге асырылатын процесстер барлық қатысушылар үшін түсінікті және қолжетімді болады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев.
Сондай-ақ бұл жоба жеке балабақшалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар қажетті құжаттарды тапсырған соң жобаға қосылады алады. Жоба операторы ретінде "Қаржы орталығы" АҚ белгіленді.