ШҚО-да 2024 жылы 12 сумен қамту жобасы іске асырылды

ШҚО-да 2024 жылы 12 сумен қамту жобасы іске асырылды

Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасына орай 2024 жылы облыста жалпы сомасы 60 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 12 жоба аяқталды.

Нәтижесінде үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.

- Жыл қорытындысы бойынша 213,8 шақырым сумен қамту желісі және 14,5 шақырым су бұру желісі салынды. Бұл су желілерінің тозу көрсеткішін 49,1% - ға және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 69,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 99,4%-ды құрады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд. теңгеге 29 жоба іске асырылуда.

Сондай-ақ 531,6 шақырым су желілерін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу көрсеткішін 1,8%-ға (жоспарланған 47,3%-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.