ШҚО-да ҚР Қаржы вице-министрінің қатысуымен салық реформасы талқыланды

ШҚО-да ҚР Қаржы вице-министрінің қатысуымен салық реформасы талқыланды

 

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов өңір кәсіпкерлеріне салық реформасының негізгі жаңалықтарын мәлімдеді.

Үкімет үшін салық өзгерістерін енгізудегі басты міндет - бюджет кірісі мен бизнесті қолдау арасындағы теңдікті сақтау.

- ҚҚС шегін төмендету төлем жүргізушілер санын шамамен 200-300 мың субъектіге кеңейтеді. Қолданыстағы оңайлатылған декларация жүйесі жылдық кірісті 180 миллион теңгеге дейін, қызметкерлер санын 30 адамға дейін және мөлшерлемені 2%-ға дейін қарастырады. Бөлшек сауда салығы да болды. Екі режимді оңайлатылған декларацияның бірыңғай форматына біріктіру жоспарлануда, - деді Ержан Біржанов.

Кәсіпкерлер ҚҚС-ты арттыру жүктемені бизнеске ғана емес, тұтынушыға да арттыратынын атап өтті. Вице-министр соңғы шешімде барлық тараптардың мүдделері ескерілетініне сендірді. Парламентте қарау үшін түзетулер пакеті енгізіледі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі