А.ж. 10 ақпанында террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) объектілерді терроризмге қарсы қорғауды (бұдан әрі-ТҚҚ) зерттеу кезінде алынған тәжірибені талқылау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының жұмыс топтарының онлайн-кеңесі өткізілді.
Іс-шара барысында:
- орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген ТТО объектілерді ТҚҚ бейінді нұсқаулықтарының негізгі айырмашылықтарының сипаттамалары;
- құлақтандыру, бейнебақылау, сигнализация, кіруді бақылау және басқару жүйелеріне, терроризмге қарсы қорғау паспортына, ТТО объектілерін инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландыруды жоспарлауға қойылатын талаптар;
- қолдан жасалған және штаттық жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;
- ТТО объектілердің басшылығы жүргізетін персоналмен теориялық және практикалық сабақтарды тексеру бойынша пратикалық ұсынымдар;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін ТТО объектілерді тізбеден алып тастау жөніндегі ұсыныстарды негіздей отырып, талдамалық анықтама жасау тәртібі туралы ақпарат берілді.
Кеңеске қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.