Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы

Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Қазақстан-Американ еркін университетінің және Өскемен экономика және техника колледжі студенттерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында комиссия мүшелері сайлау заңнамасы саласындағы конституциялық реформалар мәселелері, облыстың сайлау комиссияларының жұмысы туралы баяндамалар жасап,  сондай-ақ жастар арасында викториналар өткізілді, ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.