Марқакөл ауданында әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдауда тұрғындардың пікірі ескерілетін болады

Марқакөл ауданында әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдауда тұрғындардың пікірі ескерілетін болады

Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында 47 бала білім алып жатқан мектеп-интернат-колледжінде болды. Білім ордасының маңында тағы бір ғимарат бар. Аймақ басшысы оны балабақшаға айналдыруды ұсынды. Қазір ауылда бір ғана балабақша бар. Сондықтан бұл тиімді болар еді.

– Дегенмен бұл шешімді қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек. Егер тұрғындарға балабақша емес, басқа да бір ұйым немесе мекеме қажет болса, олар өз ұсыныстарын айта алады. Барлық әлеуметтік маңызы бар шешімдер халықтың пікірін ескере отырып, қабылдануы тиіс, - деді Ермек Көшербаев.