Ортақ іс

Ортақ іс

2025 жылғы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандардың білім беру бөлімдерінің басшыларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті өкілдерінің қатысуымен Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындау мақсатында ұйымдастыру сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:

- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;

- саяси, ұлттық және діни экстремизмді насихаттау белгілері бар аудио-, бейнематериалдардың үлгілері;

- экстремизм мен терроризмнің алдын алуда қолдануға ұсынылатын танымал теологтар мен тарихшылардың аккаунттары;

- кәмелетке толмағандар жасаған зорлық-зомбылық әрекеттерінің мысалдары;

- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;

- жалған ақпарат әдістері, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану. Жалған ақпарат орналастыру, тарату үшін жауапкершілік;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы                25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;

- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;

- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.

Білім беру мекеменің басшылары бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.