Объектідегі қауіпсіздік шаралары!

Объектідегі қауіпсіздік шаралары!

2024 жылғы 9 желтоқсанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті,  полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «ADK River» СОК персоналы үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы               5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;

- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;

- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;

- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.