Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
2024 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.
Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, (мереке күндерін есепке ала отырып) 17 желтоқсанға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.
Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ашық отырысының күн тәртібі
|
2. Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайы туралы |
|
Баяндамашылар: |
Арман Нағашыбайұлы Есентаев, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Қалалар мен аудандар әкімдері
|
3. Онкологиялық ауруларға қарсы кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы туралы |
|
Баяндамашы: |
Төлеген Хайроллаұлы Жігітаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы |