2024 жылғы 20 қарашада облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.

2024 жылғы 20 қарашада  облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

2024 жылғы 20 қарашада сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.

Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.

Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.

Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 18 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады.  Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.

Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.

Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.

Қаралатын мәселелер:

1.   Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

 

Баяндамашылар:

Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы

 

Қалалар мен аудандар әкімдері

 

Ақпараттар:

 

 

 

1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралы

Баяндамашылар:

Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы

 

Қалалар мен аудандар әкімдері

2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы

 

Баяндамашылар:

Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы

 

Қалалар мен аудандар әкімдері