Ағымдағы жылдың 5-8 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Е. Беккужина жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына, сондай-ақ Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына көшпелі семинар өткізді.
Мемлекеттік қызметшілерді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірлеген материалдармен таныстыру, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік органда іс-шараларды ұйымдастыру үшін діни сенімдерін таңдамау, бағыныштыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу бойынша "ШҚО бойынша діни мәселелерді зерттеу орталығының" теолог маманы Р.Т. Назарбеков тартылды.