Қауіпсіз орта

Қауіпсіз орта

2024 жылғы 8 және 11 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстың дене шынықтыру және спорт объектілерінің, сондай-ақ «Юбилейный» кинотеатрының басшылары мен қызметкерлері үшін террористтік қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған сабақтар өткізілді.

Іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының                  2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;

- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;

- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;

- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;

- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.

Жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып, терроризм актісі қаупі кезінде эвакуациялау кезіндегі қателіктер және т.б. бейнероликтер көрсетілді.