Шығыс Қазақстан облысының аудандары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

Шығыс Қазақстан облысының аудандары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады
ШҚО-да алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. 
 
Күршім ауданында әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылып, жылу желілері жаңартылуда.  Бүгінде 35 жылдан бері істен қосылмаған жылу қазандығы іске қосылды.
 
- Қазандық дұрыс жұмыс істейді және жоғары қысым мен температураға төтеп бере алады. Олар жұмыс аяқталғаннан кейін бір апта бойы тексерілді. Барлығы ауданда 18 көпқабатты үй бар, қазіргі уақытта 4 үй мен 1 мектеп жылумен қамтылған. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, біз үйлер мен әлеуметтік нысандарды тез арада жылумен қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.
 
Айта кетейік, алдағы уақытта Күршім ауданында 18 көпқабатты үйлердің барлығын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда.