Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

 2024 жылғы 29 мамырда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, қала әкімінің аппараты, конференцзал.

Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.

Тікелей келіп қатысуға  ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 27 мамырға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады.  Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.

Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.

Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.

Күн тәртібі