Шығыс Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Шығыс Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

2024 жылғы 24 мамырда өңірде алдағы «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде облыстық сейсмикалық жаттығу өтеді.
Оған өңірдің барлық азаматтық қорғау қызметтері, кәсіпорындар, өнеркәсіптік объектілер, мекемелер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары қатысады.
Негізгі мақсат-облыс тұрғындары қауіпсіз орындарды, эвакуациялау ережелерін білуі және дабыл  чемодандарды дайындауы, азаматтарды уақытша орналастыру пункттері туралы ақпаратқа ие болу үшін жер сілкінісі болған жағдайда халықты іс-әрекетке даярлау деңгейін арттыру.
ШҚО ТЖД барлық тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуды сұрайды және алғашқы дүмпулер болған жағдайда, сізде ғимараттан шығу үшін 10-15 секунд бар екенін және қауіпсіз орындарды иеленуді еске салады: күрделі ішкі қабырғалардың, ішкі қабырғаларынан пайда болған бұрыштар, сондай-ақ  арқалық жақтаулар астындағы орындар болып табылады. Егер сіз сыртта болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс және ашық аумақты табыңыз. Жер сілкінісінен кейін радионы қосып, жер сілкінісінің эпицентрі және одан кейінгі әрекеттер туралы ақпаратты тыңдаңыз. Әрқашан дабыл чемоданыңыз  дайын болу қажет.