Ұлттық құрама сапындағы шығысқазақстандық спортшылар Әлем Кубогінде жүлделі ІІІ орынға ие болды

Ұлттық құрама сапындағы шығысқазақстандық спортшылар Әлем Кубогінде жүлделі ІІІ орынға ие болды

Францияда өткен семсерлесуден әлемдік додада еліміздің ерлер құрамы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қола жүлде иеленді.
Аталмыш сайыста ел намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай қорғаған.
Айта кетсек, жоғарыда есімдері аталған Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов шығысқазақстандық спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Биылғы жылы олар ел намысын жазғы Олимпиада ойындарында қорғайтын болады.