Алда шомылу маусымы

Алда шомылу маусымы

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы жазғы кезеңде облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша жаппай демалуға арналған 22 учаске анықталғанын айтты.
Бұл учаскелерде 1 муниципалды (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық (Өскемен қаласы-2, Риддер қаласы – 1, Алтай ауданы – 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді.
Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды.
Өткен жылдың шомылу кезеңін талдауға сәйкес, аймақтағы өлімнің негізгі себебі шомылу кезінде өз күштерін бағаламау болды. Барлығы 6 адам суға батып кетті, барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті.
Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайлардың түбін тексеру (осы жұмыстарды жүргізуге 5 сұраным келіп түсті), арнайы қалтқылар, ескерту белгілері, үгіт стендтерін қою жұмыстары жүргізілетін болады.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы атап өткендей, балалар лагерлері мен демалыс базаларының иелері шомылу маусымы басталғанға дейін оларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келтіру бойынша барлық іс - шараларды өткізуі қажет – акваторияның түбін тексеріп, құтқарушы-жасақшыларды оқытып, медициналық құтқару бекеттерін құруы қажет.
ШҚО ТЖД құтқарушылары демалушыларды шомылу үшін тек жабдықталған шомылу орындарын таңдауға, су айдындарындағы тыйым салу белгілерін елемеуге шақырады, өйткені бұл жерлерде қатты ағыс, шұңқырлар бар. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты адамдар мен азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады: 364 - жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және 412 - су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау.
        Шомылу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, нұсқаулықтар өткізіледі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша оқыту бейнероликтері таратылады, облыс мектептерінің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылады.
Брифинг соңында құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсету және реанимациялық іс-шаралар өткізу бойынша мастер-класс өткізді.