Шығыс Қазақстан облысында волонтерлер «Жеңіс лентасы» патриоттық ленталарын таратты.

Шығыс Қазақстан облысында волонтерлер «Жеңіс лентасы» патриоттық ленталарын таратты.

Жеңіс күніне орай барлық білім беру мекемелерінде тақырыптық сынып сағатттары, ерлік сабақтары, көрмелер, соғыс ардагерлері мен қазіргі заман батырлары туралы көркем және деректі фильмдер көрсетілімі, оқушылар мен болашақ әскерге шақырылушылар үшін әскери бөлімдерде «Ашық есік күндері» өтуде.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету және қолдау үшін «Ардагерлерге тағзым» акциясы жалғасуда.

9 мамырда гүл шоқтарын қою, «Шам жағу» акциясы, қалалар мен аудандар әкімдерінің ардагерлерге кездесуі жоспарланған.

«Жеңіс лентасы» патриоттық ленталарды тарату бойынша акция жалғасуда.

Барлық іс-шаралар бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы С.Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы

Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.