Екінші аптада Қазақстанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Таза Қазақстан"акциясы өтуде

Екінші аптада Қазақстанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Таза Қазақстан"акциясы өтуде

 Экологиялық челлендж ШҚО тұрғындарын елді мекендерде көгалдандыру және тазалықты сақтау жұмыстарына біріктірді.
Тек Өскеменде жүзден астам адам Тәуелсіздік монументі және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ауданында сенбілікке қатысты. "Киелі мекен" эко апталығын мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, студенттер, кәсіпкерлер, саяси партия мүшелері және жастар ресурстық орталығының белсенділері қолдады.
Акция аясында күн сайын сенбіліктер өтуде. Оған жастар белсенді қатысып жатыр. Барлығына алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта көшет егу жұмыстарына да бір кісідей атсалысатын боламыз, - деді ШҚО волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков.