Облыс әкімі Үлкен Нарын ауданында болып, су тасқыны кезеңіндегі дайындықты көріп қайтты.

Облыс әкімі Үлкен Нарын ауданында болып, су тасқыны кезеңіндегі дайындықты көріп қайтты.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданында болып қайтты. Сапар барысында, мекендегі су тасқыны кезеңінегі дайындықтың жай-жапсарын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты.

Еске салайық, наурыз айының соңында Үлкен Нарын ауылында еріген қар суының деңгейі көтеріліп, 11 үйдің ауласына топан су енген. Абырой болғанда, қарғын су шығын келтірмеді, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Болашақта аталмыш жағдай қайталанбас үшін ауыл сыртында арық тереңдетіліп, 2 км көлемінде айналма канал қазылмақ.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Үлкен Нарын ауылындағы жылу қазандығының жұмысымен танысты. Белгілі болғандай, бүгінде, төрт қазандық жұмыс жасауда және осы қазандықтарға 100-ге жуық баспана және түрлі мекемелер іске қосылған. Биыл аудандағы осы қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.