
Биыл Қазақстан бойынша 50 адам іріктелді. Оның екеуі біздің облыстан.
Ерасыл Бақытжанов «сыртқы саясат және инвестициялар» секторы бойынша резервке енді. Сүлеймен Демир атындағы университетті «құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша және Лондон Королева Мария университетін «құқық магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Талапжан Кауашев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «геодезия және картография бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Ары қарай осында қалып «экономика магистрі» мамандығы бойынша жалғастырды. Президенттік жастар кадр резервіне «цифрландыру» секторы бойынша енді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Кездесуге қатысушылар цифрландыру жобаларын дамыту және инвестицияларды тартудың креативті шаралары бойынша пікір алмасты.
«Жұмыс процестерін цифрландыру өте маңызды, бұны пандемия кезінде қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесі айқын көрсетті. Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мемлекеттік органдардың жұмысына оң әсер етеді, бірақ мұндай жүйелерді жасаушылардың жауапкершілігі маңызды. Олар түсінікті және қолдануға оңай болу керек, жаһандық желілерге интеграциялануы тиіс», -деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, кейбір әзірлемелердің озық емес, қайталама шешімдері жиі қолданылады. Және бұл соңғы нәтижеге әсер етеді.
Кездесуде туризмге инвестиция тарту тақырыбы да қозғалды. Бұл мәселеде әлеуетті инвестор үшін жердің тиесілігі, жолдың сапасы, электр қуаты мен су құбырының болуы және ең бастысы, инвестициялық тұрақтылық сияқты сәттер маңызды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев жаңа буын басшылары құрамасының өкілдеріне табыс тіледі.
«Облыс әкімі бізді тақырыпқа терең үңілдірді. Тек теория тұрғысында үздік маман болу жеткіліксіз екен. Өз біліміңді практикалық жұмыста жүзеге асыра білу керек. Бізде одан әрі өсу, даму үшін мотивация пайда болды», -деп өз ойларымен бөлісті Ерасыл Бақытжанов.
«Біз облыстық құрылымдарда да, жергілікті атқарушы билік жүйесінде де жұмыс істеуге дайынбыз. Менің мақсатым- мемлекеттік органдағы процестерді цифрландыруға лайықты үлес қосу», -деді Талапжан Кауашев
Бір аптадан кейін президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерін нақты кеңсе жобасына тарту жоспарлануда.
Онда жастар өздерінің перспективалық идеяларын жүзеге асырып, практикалық дағдыларды игере алады.