Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, шекара маңындағы аудандардың дамуы, кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы баяндады.
Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, ағымдағы жылы АӨК-де жоспарланған 17 инвестициялық жобадан 35 миллиард теңгеге 15 жоба іске асырылды. Субсидиялау бағдарламасы аясында облыстың АӨК дамытуға 26 435,5 млн теңге бөлінді.
Жигули Дайрабаев «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқармасының төрағасы болып табылады. Өскеменге ол Қауымдастықтың облыстық конференциясына қатысу үшін келді.
Конференцияға Аграрлық несие корпорациясының, Азық-түлік корпорациясының, Қазагроқаржының, «Аманат» партиясы облыстық филиалының, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашты.
Ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 501,0 млрд теңгені құрады, бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімінің үлесі - 45%, мал шаруашылығы өнімінің үлесі - 55%.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 42,2 млрд теңге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 7,1 млрд теңгені құрады.
АӨК өнімінің экспорты 367,0 млн АҚШ долларын құрады. Экспорттың жалпы көлеміндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 39,5% -ды құрады.
Облыста 640 мың гектар егіс алқабы бар, оның 45% астық дақылдарына, 33% майлы дақылдарға тиесілі.
412 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 395,6 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 14,4 ц/га, майлы дақылдар 18,8 ц/га құрады.
Ірі қара мал басының саны - 447 мың, қой мен ешкі - 625 мың, жылқы - 206 мың, құс - 382 мың болды.
Облыста бір мезгілде 19 мың бас күтіп-бағылатын 34 бордақылау алаңы жұмыс істейді, оның ішінде 8-і - 1000 бастан тұратын өнеркәсіптік үлгідегі алаң.
35 тауарлы-сүт фермасы және 23 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. 70 мың тоннаға жуық сүт өндірілді. Тұрғындардан 28 мың тонна сүт сатып алынды.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен, бюджеттік несиелеу бағдарламасы іске асырылуда. Тауарлы-сүт фермаларын салуда осы бағдарлама бойынша 4 жобаны қаржыландыруға 10 млрд теңге бөлінді. Жобаларды іске асыру тауарлы-сүт фермаларының сүт өндіру көлемін жылына 27 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Конференцияда фермерлер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды. Сонымен қатар оларға басқарушы органдар мен облыс әкімдігінің салалық басқармалары тарапынан түрлі кеңестер берілді.