«Мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы жылы, достық қарым-қатынастардың болу Қазақстан мен Қытай арасындағы табысты ынтымақтастықтың кепілі . Бұл әсіресе әлемдегі тұрақсыздық кезіңде өте маңызды. Шығыс Қазақстанның Қытаймен 700 км мемлекеттік шекарасы бар және біз қытайлық серіктестермен өзара қарым - қатынасты кеңейтуге мүдделіміз",-деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Шығыс Қазақстанның логистика жағынан қытайлық серіктестерге бірнеше ұсыныстары бар. Оның ішінде: Сібір мен Алтайдан Қытайға баратын ең қысқа жол, кеден қоймаларын орналастыру мүмкіндігі, трансшекаралық ынтымақтастық. Сондай-ақ, туризм, медицина, суармалы егіншілік, омарта шаруашылығы мен марал шаруашылығы да табысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Бұл ұсыныстар біздің тараптан жоғары қызығушылыққа ие және біздің ортақ ауқымды ынтымақтастық жоспарымызға сәйкес келеді. Логистика-Қытайдың басым бағыттарының бірі. Біз ауыл шаруашылығы мен туризм саласындағы серіктестікке ашықпыз және бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек", - деп атап өтті ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо.
Ертеңінде аймақ басшысы, Қытайдын Елшісі және Қазақстанның ғылым және жоғарғы білім министрі Сясат Нұрбек Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Лу Бань шеберханасының ашылу салтанатына қатысты.
Бұл цехты құру туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына көктемдегі сапары кезінде қол қойылған болатын.
Лу Бань шеберханасы қолданбалы технология және жоғары техникалық білім саласындағы жоба. Ол Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіптік институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.
Қазақстанда шеберхананың ашылуы біздің студенттерге Қытайдың заманауи жабдықтарын пайдалана отырып, автомобиль технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді және болашақ инженерлерді дайындауға ықпал етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев, Елшінің сапары түрлі саланы одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.