2023 жылғы 28 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа үшжақты комиссия мүшелері, басқарма басшылары мен орынбасарлары, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Жеке сот орындаушылар палатасы филиалының өкілдері, «ШығысСтройГрупп» ЖШС, «Востокшахтострой» ЖШС басшылары қатысты. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақ бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Өңірлік келісім жобасы жайында бірінші мәселе бойынша «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлының есебі тыңдалды. АКБ төрағасы өз сөзінде облыс кәсіподақтарымен, әлеуметтік серіктестермен Келісім жобасын әзірлеу және талқылау бойынша бірлескен жұмыстың нәтижелерін жариялады. Жалпы алғанда, мемлекеттік органдар 15 тармаққа, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы 2 тармаққа, «ПАРЫЗ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы 16 тармаққа толықтырулар еңгізуді ұсынды. Келісім жобасына ұсыныстарды талқылау үшін «ПАРЫЗ» жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының өкілдерімен жұмыс кездесуі жоспарланды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Уәлибекова Сайран Кеңесханқызы банкроттық рәсіміндегі кәсіпорындарда жалақы және зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марина Валерьевна Шаронова еңбек жағдайлары қауіпті жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік төлемдерді әкімшілендіру туралы ақпарат берді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.