Өңірдің ауыл шаруашылығы саласына салынатын жоспарланған инвестициялар сомасы 236,4 млрд теңгені құрады. Қаржы ірі интеграцияланған агроөнеркәсіптік алаңдарды салуға бағытталатын болады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселе, ағымдағы жыл көрсеткендей өзінің тұқым өсіру базасын құру болмақ.
Бұл мәселені шешу үшін облыста дәнді, майлы және жемшөп дақылдарының бірегей сұрыптарын, күнбағыс пен соя буданын өндіру жолға қойылды. Бұл өңірді, одан әрі елдің басқа да облыстарын тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Бұдан басқа, өңірде "Алтай" көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталып қалды, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін өткізу алаңына айналады және облыс орталығы тұрғындарының сұранысын қолжетімді бағадағы сапалы отандық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар Шығыста ҚХР-ға агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізудегі техникалық кедергілерді жою мақсатында зертхана ашылады. Жоба қазірдің өзінде Қытай тарапымен келісілген.