Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әйгілі кеңестік және қазақстандық актер, театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Досқан Жолжақсыновпен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әйгілі кеңестік және қазақстандық актер, театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Досқан Жолжақсыновпен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әйгілі кеңестік және қазақстандық актер, театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Досқан Жолжақсыновпен кездесті.
Ол ертең "Ертіс" концерт залында өтетін "Қаһарлы хан батыры - Көкжал Барақ" республикалық айтысының қазылар алқасының төрағасы ретінде Өскеменге шақырылған.
"Біз Сізді жерлесіміз ретінде мақтан тұтамыз. Қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы сіздің фильмдеріңізді көріп өсті, бүгінде сіз жастарға патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті өз шығармашылығыңыз арқылы үйретіп жүрсіз, - деді актермен кездесуде Ермек Көшербаев.
Кездесуде отандық мәдениетті, театрды дамыту мәселелері талқыланды. Аға буын ақындар мен жазушылардың бай мәдени мұрасын сақтау тақырыбы да қаузалды.
Досқан Жолжақсынов мемлекеттік қызметшілермен де жүздесті, олар актерді "Бандыны қуған Хамит", "Қош бол, Медеу!", "Ай астындағы үй", "Көшпенділер", "Біржан сал", "Құнанбай" фильмдеріндегі рөлдері арқылы жақсы таниды, жалпы актердің кинотекасында барлығы 30-дан астам ірі рөл бар.