Қарттар күні қарсаңында аға буын өкілдерімен кездесіп, мерекелерімен құттықтадым. Геннадий Леонидович Бердюгин облыстың саяси-әлеуметтік дамуына белсене араласып жүрген азамат. Кезінде бірге қызметтес болып, оның даналығы мен тәжірибесі біз үшін өте құнды екенін жақсы білемін. Сондай-ақ, жеті бала тәрбиелеп өсірген көп балалы ана Галя Ешееваның шаңырағына бардым. Оның балаға деген даналығы мен тәрбиесі әрбіреуінің қоғамда өз орнын табуына жолдама болды. Біз Галя әжемен өте жылы сөйлесіп, біраз әңгіме өрбіттік. Оның мейірімі мен жанашырлығы, қамқорлығы көпке үлгі. Жалпы, аға буынның жанымызда кеңес айтып, ақылшы болатыны қуантады. Сондай-ақ, Глубокое ауданының Солнечный кентіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына бардым. Онда бүгінде 110 қарт адам мен мүгедек тұрады. Мұнда тек жайлы өмір сүру үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті медициналық көмек алу, спортпен және шығармашылықпен айналысу, мәдени шараларға қатысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Керемет кітапхана қоры, шаштараз, тігін цехы, шеберханалары бар. Біздің қарттар-бұл даналық пен баға жетпес тәжірибенің қойнауы. Оларға белсенді өмірлік ұстанымдары мен ұрпақ тәрбиесі үшін жасаған жарқын істері үшін өте ризамыз, әрдайым бас иеміз.