Риддер тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық орын алды. Қалалық жылу электр орталығының орташа қысымды бу қазандығында тұтану процесі іске қосылды. Ол мазут қоспасынан өтіп, енді бекітілген жоспарға сәйкес қазандық қондырғысы ыстық жууды және желіге қосылуды күтуде. Ал екінші және үшінші қазандықтар кезекте тұр, бірқатар зертханалық сынақтардан кейін жүйеге қосылады. Бұл жақын арада әлеуметтік нысандарда ыстық су беру басталады дегенді білдіреді. Бұдан әрі кестеге сәйкес және ауа-райына байланысты әлеуметтік нысандар мен көппәтерлі тұрғын үй қоры жылытуға қосылатын болады. Риддер ЖЭО-да қазір қажетті отын қоры бар, барлық жұмыстар жоспар бойынша жүруде. Жалпы, қалада жылыту маусымы үзіліссіз және еш апатсыз өтеді деп сенеміз.