2023 жылғы 27 қыркүйекте сағат 10.00-де М. Горький көшесі, 40, № 108 конференц-залында облыс әкімдігінің отырысы өтеді. Онда келесі мәселелер қаралады:
- Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы.
- Сүтті мал шаруашылығын дамыту туралы.
- Облыстың медициналық ұйымдарында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету туралы.
- Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық туралы.
Отырыс ашық түрде өтеді, тілек білдірушілер https://www.youtube.com/@user-vq1zm6cs7x/streams сілтемесі арқылы онлайн режимде қатыса алады