"Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанның бірқатар елді мекендерінде көше жарығы орнатылады. Атап айтқанда:
- Глубокое ауданы бойынша 4 жобаға 150 млн. теңге;
- Катонқарағай ауданы бойынша 3 жобаға 63,6 млн. теңге;
- Күршім ауданы бойынша 1 жобаға 7,5 млн. теңге;
- Тарбағатай ауданы бойынша 1 жобаға 50,0 млн. теңге;
- Алтай ауданы бойынша 4 жобаға 44,2 млн. теңге;
- Ұлан ауданы бойынша 3 жобаға 28,2 млн. теңге;
- Самар ауданы бойынша 1 жобаға 45,3 млн. теңге;
- Шемонаиха ауданы бойынша 1 жобаға 33,8 млн. теңге.
Барлық жобалар 2023 жылдың қазан айына дейін аяқталады.
Көшелерді жарықтандыру жобаларына облыстық бюджеттен 422,5 миллион теңге бөлінеді.