1 МАУСЫМ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛАДЫ

1 МАУСЫМ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛАДЫ

1 маусымда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді.

Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде ұсынылады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/566029?lang=kk&parentId=612